Мадридте болған жойқын жарылыстан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары бар-жоғы анықталып жатыр

Қазіргі уақытта, “Қазақстан консулы жергілікті билікпен байланыста,  деді сыртқы істер министрлігі. Айта кетейік, Мадрид орталығында болған жойқын жарылыстан Үш адам көз жұмды, он бір тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, жарылыс газ бойлерін жөндеу кезінде болған. Үйде жөндеу жұмысы жүріп жатқан. Жарылыс болған үйде Вирхен-де-ла-Палома шіркеуінің дін қызметкерлері тұрған. Ғимарат маңында қарттар үйі мен колледж орналасқан.