Алматы қаласының жоғары оқу орындары мен колледждері бірінші курс студенттерін қабылдауға дайындалып жатыр

Университеттер санитарлық талапты күшейтіп, шәкірттерін іріктей бастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».. Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 1-курс студенттеріне 70 процентке дейінгі пәндерді офлайн оқуға рұқсат берген еді. Офлайн жүйеге ауысуды жоспарлап отырған Алматыдағы университеттің бірінде 4500 студент бар. Оның ішінде 800 студент білімді университетте алуды жөн көріпті. Бірінші курс толықтай қамтылмақ. Ал жатақханада 50 процентке дейін ғана тұруға рұқсат берілген. Қаланың бас санитарлық дәрігері бекіткен талапқа оқу орны дайын екендерін айтады.