Жемқорлықпен күрес агенттігі Тараз қалалық соты төрағасының пара алу бабы бойынша күдікке ілінгенін хабарлады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Тараз қалалық сотының төрағасы Алтынбек Мадемаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады. Тергеу 16 мамырда басталған. Бұл жөнінде агенттіктің баспасөз қызметі 25 мамырда хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, судья “азаматтық іс бойынша оң шешім шығарғаны үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алды” деген күдікке ілінген. Дереккөзге сүйенген ҚазТАГ агенттігі осыған дейін судья “пара алып жатқан жерінде ұсталғанын” жазған.