Макрон коронавирустың өршуіне байланысты коменданттық сағат жариялады

Франция президенті Эммануэль Макрон елдегі бірнеше қалада, оның ішінде Парижде де COVID-19 өршуіне байланысты коменданттық сағат жариялады, – деп хабарлайды РИА Новости.

Коменданттық сағат сенбі сағат 21:00-ден 06:00-ге дейін енгізіледі. Бұл режим төрт апта бойы сақталады.

“Иә, біз коменданттық сағат деп отырғанымыз жеткілікті шара”, – деді Макрон француз телеарналарының біріне берген сұхбатында.

Коменданттық сағат Иль-де-Франс, Лилль, Гренобль, Лион, Марсель, Руан, Сент-Этьен, Монпель, Тулуза аймақтарында енгізілді.

Франциядағы эпидемиологиялық жағдай тамыздан бері нашарлай бастады. Сенбі, 10 қазанда елде тәуліктік рекорд тіркелді – бір күнде 26 мың жағдай анықталды.