Мегаполистегі мопедтердің қозғалысын реттеу керек – Алматы әкімі

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мопед жүргізушілеріне қойылатын талаптарды қатаңдату қажеттігі туралы айтты. Сағынтаев жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мопед жүргізушілерінің қозғалысын реттейтін ережелер енгізілуі тиіс деп санайды. «Өкініштісі, мопед жүргізушілері мен скутер арасында жолда жүру ережелерін бұзатын жағдайлар бар. Мопедтерде қозғалысты реттеу бойынша шаралар қажет деп ойлаймын», – деді. Алматы әкімі велошеринг жүйесінің жай-күйі туралы сұраққа жауап бере отырып, 2021 жылы жөндеу үшін қаражат бөлінгенін және маусым айының соңына дейін қосалқы бөлшектерді жеткізуге шарт жасалғанын хабарлады. Жөндеу жұмыстарын қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ жөндеу аясында велосипед стансасы мен дүңгіршектердің ребрендингін жаңарту қарастырылған.