Мемлекет 70 мың қазақстандыққа үйдің арендасын төлеуге көмектеседі

Субсидиялау тетігі аясында мемлекет аренда ақысының 50%-ін бюджет ақшасы есебінен өтейді, қалған жартысын отбасы өз қалтасынан төлейді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі осылай деп хабарлады. Ол үшін 50 млрд теңге бөлінбек. Бағдарламаға қатысу үшін қазақстандық Otbasybank.kz платформасында өтініш жіберуі керек. Субсидиялауға өтініштер электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қабылданады. Жалға алу төлемдері бойынша мемлекеттік қолдауға 4 санатқа сәйкес тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар, атап айтқанда I және II топтағы мүгедектер, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар және көпбалалы отбасылар үміткер бола алады.