Түркияда қаза тапқан екі қазақстандықтың денесі елге жеткізіледі

Бұл туралы СІМ хабарлады. “Сыртқы істер министрлігі Хатай провинциясының Антакья қаласында үйдің құлауы салдарынан қаза тапқан Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Марқұмдардың мәйіттерін Отанына жеткізуге ведомство барынша көмек көрсетеді. 11 ақпанда Анталия-Алматы бағытындағы тұрақты рейспен жерлестеріміздің мәйіті Қазақстанға жеткізіледі деп күтіледі. Барлық шығынды мемлекет өтейді”, – деді сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.