Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елді береке-бірлікке шақырды

Президент, қазір әлемдегі жағдай күрделі екенін айтты деп хабарлайды Қаз нұр кз. Тіпті, кейбір аймақтардағы ахуал ушыға түсті. Бұл жағдай әрине, бізді де алаңдатады. Барлығымыз ел ішінде және айналамызда тұрақтылық болғанын қалаймыз. Сондықтан әлемде болып жатқан оқиғалардан сабақ алуымыз керек. Елдің береке-бірлігі мен амандығы бәрінен қымбат, деді президент.