Егер қазақстандықтар санитарлық талаптарды сақтамаса, қатаң шектеу шаралары қайта енгізілуі мүмкін

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстантілшісі. “Жағдайдың тұрақтанғанына қарамастан, біз күткен нәтиже болмай отыр. Науқастар саны қайта өсуде. Егер азаматтар санитар дәрігердің талаптарын сақтамаса, тағы да қатаң карантинге оралуымыз әбден мүмкін”, – деді Қожахметов. 7 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда 108 362 адам коронавирус жұқтырған.