Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарды қасиетті Рамазан айымен құттықтады.
Президенттің құттықтауында былай делінген: «Бұл – дүниежүзіндегі миллиардтаған адамды рухани тазаруға, жақынына жанашыр әрі қамқор болуға үндейтін кезең. Ораза азаматтарды шыдамдылық пен төзімділікке шақырып, халқымыздың бойына қарапайымдылық, жауапкершілік және адалдық сияқты асыл қасиеттерді дарытады. Қазіргі әлемде орын алып отырған күрделі жағдайларды ескере отырып, Оразаның рухани құндылықтарын кемел санамен қабылдау, оның түпкі мағынасын дұрыс түсіну – үлкен имандылықтың белгісі», – деді Президент.
