Қасым-Жомарт Тоқаев президент өкілеттігі кезінде партия мүшелігін тоқтатуды заңмен белгілеуді ұсынды

“Бұл норма саяси бәсекелестікті арттырады, барлық партиялардың дамуына тең жағдай жасайды”, – деді ол. Одан бөлек, Тоқаев әкімдер мен олардың орынбасарларының партия филиалдарында қызмет атқаруына заңмен тыйым салу қажеттігін айтты. “Мұндай шешімдер көп полюсті партиялық жүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді”, – деді Тоқаев.