Мемлекет және қоғам қайраткері, телевизия саласының майталманы Ғаділбек Шалахметов өмірден өтті

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева марқұмның отбасына, жақындарына және әріптестеріне көңіл айтты. Ғаділбек Мінәжұлы БАҚ саласындағы еңбек жолын Алматы телестудиясында бастаған. Қазақ ССР Телевизия мен радио хабарлары жөнiндегi Мемкомитетiнiң төрағасы қызметтерін атқарды. Маман мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының негізін қалаған.