Мемлекеттік дума спикері Жириновскийдің өлімін жоққа шығарды

“Владимир Вольфовичтің денсаулығы үшін алаңдап жатқандарды жұбатқым келіп отыр. Ол кісі тірі. Жағдайы, шынымен де, ауыр. Бүгін оған КТ жасаған. Біз ол үшін алаңдап отырмыз. Дәрігерлер барын салып, күресіп жатыр. Тезірек сауығып кетуін тілейік!”, – деді Вячеслав Володин РИА Новости агенттігіне. Ресей денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, Жириновскийдің жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда. Дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр. Бұған дейін агенттікке сенатор Александр Пронюшкин Ресейлік саясаткер, ЛДПР төрағасы Владимир Жириновский қайтыс болды деп хабарлаған еді.