Меркель Германия канцлері қызметінен кетті

Фото: DW

Ангела Меркельге өкілеттілігі аяқталғаны туралы ресми хабарлама табысталды, – деп хабарлайды Reuters агенттігі. Құжатты Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер тапсырды. Ол Меркельге, Үкіметке алғыс айтты. Штайнмайер Меркель канцлер болған уақытты “Германия тарихындағы ұлы күндер” деп атады. Енді Меркель және Германия үкіметінің қалған мүшелері жаңа үкімет құрылғанға дейін атқарушы ретінде өз қызметтерін орындайды.