Парламент әйелдердің зейнет жасына байланысты заң қабылдады

Заңнамаға әйелдердің 61 жаста зейнетке шығу құқығын қамтамасыз ететін түзетулер енгізіледі. Сенаттың жалпы отырысында заң жобасы екі оқылымда қаралып, қабылданды. Сонымен қатар, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны бала 1,5 жасқа дейін жеткенше төлеу, ең төмен базалық зейнетақы мөлшерін ең төмен күнкөріс деңгейінен – 70 пайызға дейін, ең жоғары базалық зейнетақы мөлшерін 120 пайызға дейін жеткізу мәселелері қаралды. Құжат аясында “жастар” ұғымының жас шегін 29-дан 35 жасқа дейін ұлғайту жөнінде түзету енгізілді. Жастарға тұрғын үйді жеңілдікпен жалға беру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың құзыретін кеңейтуге бағытталған түзетулер көзделген.