Павлодардағы мекемеде мүгедектерді қорлаған

Жергілікті атқарушы органдардың жұмысын тексеру барысында өрескел деректер анықталды. Бұл туралы прокурорлар айтып берді, – деп хабарлайды “Астана” телеарнасы. облыстың мыңнан аса ерекше қажеттілігі бар тұрғыны әлеуметтік қызмет пен арнайы құрал-жабдықты алмаған. Азаматтарға қызмет көрсетуге арналған 13 миллион теңге бюджет қаржысы заңсыз игеріліп, ұрланған. Медициналық-әлеуметтік мекемеде жарамдылығы өтіп кеткен тамақ берілген. “Медициналық-әлеуметтік мекемелердің бірінде қамқорлыққа алынғандарға қатыгездік көрсету дерегін анықталған. Нәтижесінде санитар мүмкіндігі шектеулі адамды балағаттағанын, палатада қолын қайырып ұстағанын анықтадық”, – дедi Павлодар облыстық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау департаментінің жетекшісі Асхат Көкімбаев.