Нұр-Сұлтан «сары аймаққа» енді

Елімізде коронавируспен ауырғандардың саны артып барады. Өткен тәулікте екі мыңнан астам адамнан анықталды. Алматы мен Елорда сырқаттанғандардың саны бойынша көш басында тұр. Екі шаһарда бір күнде 650 және 642 адам ауру жұқтырған. Нұрсұлтан “сары аймаққа” енді. Одан кейін Қарағанды облысы. Онда 188 адамнан ауру белгілері анықталған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде 12 мыңнан астам қазақстандық ем алып жатыр. 23 науқастың жағдайы ауыр, үш адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.