Теңіз кенішінде 30-дан астам адам тамақтан ұшынды

Атырау облысы Теңіз кенішінде жұмысшылар тамақтан уланды. Кен орнындағы «ISKER» мердігер мекемесінің 30-дан астам қызметкері кеше өздерін жайсыз сезініп, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Олардың тамақтан уланғаны анықталды. Жұмысшыларға тиісті медициналық көмек көрсетілген. Қазір жағдайы қалыпқа келген қызметкерлер жұмысқа қайта қосылды. Ал Жылыой аудандық орталық ауруханасында 11 жұмысшы ем қабылдап жатыр. Қазір санитарлық-эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Барлық тамақтан сынама алынып, зертханаға тапсырылған.