Нұр-Сұлтан әуежайында ұшақтар кешігіп жатыр

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайынан ұшатын 10 рейс іркіліп тұр. Сонымен қатар елордаға ұшып келуге тиісті 7 рейс те шегерілген. Бұл бас шаһардағы ауа райының қолайсыздығына байланысты болып отыр. Сондықтан елорда әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов жолаушыларға ұшақ қатынасы туралы ақпаратты колл-орталықтар мен анықтама бюроларынан алдын ала біліп алуды сұрайды.