Елорда мен Қарағандыда бастауыш сыныптар қашықтан оқиды

Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты елордада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқытуға көшірілді. Нұр-Сұлтанда қазір боран соғып тұр, Атбасарға баратын тасжол жабылды. Қарағандыда да осыған ұқсас жағдай: бастауыш сынып оқушылары үйде отырып оқиды. Ал 5-11 сынып оқушылары тұрғылықты жерінің шалғайлығына байланысты, ата-анасының қалауы бойынша қашықтан оқи алады. Ақмола облысының кейбір аудандарында барлық оқушы үшін офлайн сабақ тоқтатылды.