Нұр-Сұлтан және Алматыда демалыс күндері автобустар жүрмейді

Нұр-Сұлтан және Алматыда демалыс күндері автобустар жүрмейді. 20-21 маусым күндері қос қалада қоғамдық көліктер маршрутқа шықпайды. Қауіпті індеттің ушыға түсуіне байланысты үкімет эпиджағдайды тұрақтандыру бойынша осындай шараларды қолға алды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Автобустарға дезинфекция жасалады. Қоғамдық көлік қалыптасқан режимге 22 маусымда дүйсенбі күні оралады. Қосымша ақпаратты call-орталығына  1308 нөміріне хабарласып  білуге болады.