Тоқаев короновирус жұқтырған Назарбаевтың сынақты еңсеріп шығатынына сенімді

Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өкінішке қарай, к/вирус біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасыны да айналып өтпеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ол рухы мықты адам. Оның бүкіл өмірі күреске толы, сондықтан, ол бұл сынақты да жеңіл еңсереді деп сенемін» деп жазды Президент twitter парақшасында. Еске салсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавируске байланысты оқшауланған болатын.