Нұр-Сұлтанда студенттер қалай оқиды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов оқу орныдарының ректорларымен жаңа оқу жылына дайындық мәселесін талқылады, деп хабарлады астаналық әкімдіктің ресми сайты. “Оқу орындарын оффлайн форматта қайта ашу үшін қалада ауқымды вакцинация жүргізіліп жатыр”, – деді қала басшысы. Оның айтуынша, 17 жоғары оқу орнының 11-інде “Ashyq” жобасы қолданылады. Ол оқытушылар мен студенттерді қауіптен қорғауға мүмкіндік береді. Әкім қалған университеттер де “Ashyq” жобасына қосылуы керек екенін айтты. “Оқытушылар мен 18 жастан асқан студенттер екпе алуы тиіс”, – деді Көлгінов.