Нұр-Сұлтанда вакцина салдырғандар арасында үлестірілетін жүлделер саны артты

Нұр-Сұлтанда вакцина салдырғандар арасында ойнатылатын жүлделер саны артты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Тағы екі iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың төртінші ұтыс ойыны 31 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшаларында тікелей эфирде өтеді. “Төртінші ұтыс ойынына 24 шілде мен 30 шілде аралығында вакциналанғандар қатысады. Бұл ұтыс ойынына медициналық мекемелердегі, СОО/СҮ-дегі вакциналаудың барлық пункті қатысады. Ұтыс ойынына қатысу автоматты, құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ”, – делінген хабарламада. Енді 28 шілдеден 6 тамызға дейін (қоса алғанда) вакцина салдырғандардың арасында тағы үш iPhone12 ойнатылады. Бұл ұтыс ойынының тікелей эфирі 7 тамызда өтеді. IPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынын әкімдік апта сайын жаздың соңына дейін өткізеді.