Өзбек депутаттары қызметкерлерге вакцина салуды міндеттейтін заң жобасын мақұлдады

Өзбекстанда мәжіліс депутаттары вакцинадан бас тартқандарды жұмыстан шығаруға негіз болатын заң жобасын мақұлдады. Вице-спикер Әлішер Кадыров 27 шілдеде осылай деп хабарлады. “Еңбек кодексі мен “Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы” заңға өзгеріс енгізуді қарастыратын заң жобасы мақұлданып, сенатқа жолданды. Енді вакцина салдырудан бас тартқандар жұмысқа жіберілмейді, оларға айлық төленбейді” деп жазды Әлішер Кадыров Telegram-арнасында. “Миллий тикланиш” партиясының жетекшісі Әлішер Кадыров бұның алдында үкімет екпе салдырмағандардың еркіндігін шектеуі керек деп мәлімдеген.