“Нұр Жолы” кеден бекетінің бірқатар лауазымды тұлғасы ұсталды

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы “Нұр Жолы” кеден бекетінің бірқатар лауазымды тұлғасы ұсталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі. Қадағалау органының қызметкері қылмыстық әрекеттің имитациясын жасаған. Оған тексеріс бойынша мәселелерді оң шешкені үшін 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара беру фактісі құжат түрінде рәсімделген. Бұдан бөлек, уәкілетті экономикалық операторлардың бір өкілі қолға түсті. Ол ірі көлемде тауар контрабандасын жасырғаны үшін тексерушілерге 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара берген.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.