Тоқаев наурыз айының ортасында саяси-әлеуметтік реформалардың жаңа бағдарламасын жариялайтынын хабарлады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айының ортасында саяси-әлеуметтік реформалардың жаңа бағдарламасын жариялайтынын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. “Біз қоғамның белсенді өзгеріс кезеңіне аяқ басқанына, жаңа құндылықтар қалыптасып, пікірлер мен көзқарастардың да сан алуан бола түскеніне куә болып отырмыз. Сондықтан азаматтар тарапынан елде өзгерістер мен реформалар жасауға деген сұраныстың артуы мемлекетке жаңа міндеттер жүктеді. Жаһандық және аймақтық сын-қатерлер партияны жедел және жүйелі жаңартуды талап етеді. Босаңсуға уақыт жоқ”, – дейді президент.