Шымкентте фитнес-клубтың бассейніне 4 жасар бала батып кетті

Шымкенттегі фитнес-клубтардың біріндегі бассейнде 4 жасар бала батып кетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД-не сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиға 29 қаңтарда болған. Сол күні сағат 17.25-те Шымкент қаласы ТЖД дағдарыс жағдайларды басқару басқармасына 2018 жылы туған баланың балалар бассейніне батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. “Балалар бассейнінде шомылу кезінде (тереңдігі 1,2 м.ені 5 м.) бала ересектердің қарауынсыз қалып, суға батып кеткені анықталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалған”, – деп хабарлайды өңірлік ТЖД.