Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды

Бұл жөнінде Ақорда сайты хабарлады. 2020 жылдың ақпан айынан бері облысты Бердібек Сапарбаев басқарған еді. 55 жастағы Нұржігітов 2021 жылдың сәуірінен бері Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болған. 2019-2021 жылдары Жамбыл облысы Байзақ ауданын басқарды. Оған дейін шамамен үш жыл Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасына жетекшілік еткен. Ауыл шаруашылығы саласының маманы. Еңбек жолын 1991 жылы механик мамандығынан бастаған.