Қызылорда облысының әкімі ауысты

2020 жылдың көктемінен бері Қызылорда облысының әкімі болған Гүлшара Әбдіқалықова бүгін қызметінен кетті. Ол – облыс басқарған алғашқы әйел. Оның орынына президент жарлығымен Нұрлыбек Нәлібаев облыс әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. Нұрлыбек Мәшбекұлы 2021 жылдан бері премьер-министр кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. Оның алдында 2013-2021 жылдар аралығында ұзақ уақыт бойы Қызылорда қаласының әкімі болды. Айта кету керек, Нұрлыбек Мәшбекұлы бүгін ғана қызметінен кеткен бұрынғы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың туған інісі.