Израильде вакцина салдырған 13 адамның беті сал болып қалған

Израильде вакцина салдырған 13 адамның беті сал болып қалған. Бұл Pfizer вакцинасының алғашқы дозасын салдырғаннан кейін болған. Олардың бірі екпе алғаннан кейін бірнеше минут өткен соң, иек пен аузында біртүрлі сезім пайда болғанын айтқан. Бет нервінің невриті, Белл сал ауруы – клиникалық зерттеулердің үшінші Pfizer вакцинасын салдырған адамда пайда болатын кері әсерлердің бірі. Осыған қарамастан, Израиль денсаулық сақтау министрлігі жергілікті тұрғындарды препараттың екінші дозасымен вакцинациялауды ұсынып отыр. Елде жаппай вакцинация 20 желтоқсанда басталды.