Назарбаев Тоқаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, – деп хабарлайды Elbasy.kz. “Сізді Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы айқын жеңісіңізбен риясыз көңілмен құттықтаймын! Бұл – Мемлекет басшысы ретіндегі беделіңіздің айшықты айғағы, сондай-ақ ауқымды реформаларыңыз бен тың бастамаларыңызға және тәуелсіздік тағдыры таразыға тартылған сын сағатта көрсете білген табанды да шешімтал мінезіңізге, ақыл-парасатыңызға деген халықтың қалтқысыз сенімінің даусыз дәлелі. Алдағы уақытта да баршаның алғыс-ризашылығы мен құрметіне бөлене беруіңізге тілектеспін”, – делінген Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауында.