Нью-Йоркте оқушыларға вакцина салып жатыр

Нью-Йоркте коронавирусқа қарсы оқушылар егіле бастады. Оған шаһарда дельта штамның ушығуы себеп. Салдарынан осы елдің Аурулардың алдын алу және бақылау орталығы оқу орындарында маска тағып жүру тәртібіне өзгеріс енгізген. Жаңа талапқа сай вакцина салдырмаған азаматтар жабық ғимараттарда маска тағып жүруі тиіс. Салдарынан оқу орындары мұғалім және қызметкерлермен бірге оқушыларды да вакциналауды қолға алған.