“Оқушылардың ата-анасы өте сақ болуы қажет”: денсаулық басқармасы үндеу жасады

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова оқушылардың ата-анасына үндеу жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Құрметті азаматтар, әсіресе, оқушылардың ата-анасы жазда болған жағдай қайталанбасын десек, өз денсаулығыңызға және айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды сұраймыз. Жаңа оқу жылы басталды. Оқушылар мен студенттер дәстүрлі форматқа қайта оралды. Әрине, бәріміз үшін бұл – жақсы жаңалық. Алайда білім беру мекемелерінде балалар мен жасөспірімдердің вирусты жұқтыру жағдайларына және тағы карантинге тап болғымыз келмейді”, – деді Рүстемова. Осы орайда басқарма басшысының міндетін атқарушы вирусты тоқтатудың бірден-бір жолы вакциналау екенін ерекше атап өтті.