Нұр-Сұлтанда ковидтік стационарлар неге жабылып жатыр

Астанада үш инфекциялық стационар жабылды. Келесі аптада тағы екеуі жұмысын тоқтатады. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Бүгінде елордамыз коронавирусты жұқтыру көрсеткіші бойынша әлі де “қызыл” аймақта тұр. Дегенмен, эпидемиологиялық жағдайдың біршама жақсарғаны байқалады. Мәселен, стационарларға түсетін науқастардың саны азайды. Тамыздың басында 320 адам түссе, қазір 120 науқас түседі. Соңғы екі күннің ішінде біз үш ковидтік стационарды жаптық”, – деп атап өтті Рүстемова.