Қорғаныс министрі отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді

Қорғаныс министрі отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді. Нұрлан Ермекбаев бұл шешімді жарылыс туралы хабарлама алған сәтте қабылдаған. Десе де министр соңғы шешімді мемлекет басшысы қабылдайтынын айтты. Ведомство мәліметінше, қазір барлық күштер Тараз маңындағы төтенше жағдайдың салдарын жоюға бағытталған. Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде кешкі уақытта қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Соның салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Ермекбаевтың жұмысы кезінде осындай жағдай екінші рет қайталанып отыр. 2019 жылы Арыста жойқын жарылыстар болған еді.