Әскери қоймада қандай заттардың жарылғаны белгілі болды

Фото:SN.kz

Әскери қоймада қандай заттардың жарылғаны белгілі болды. Өрт қойма ғимаратын толық шарпыған. Фрагменттердің ұшу радиусы 2 шақырымға дейін жетті. Алдын ала мәлімет бойынша қоймада 500 тоннадан астам тротил сақталған. Бұл туралы 24.kz хабарлайды. Өрт ошағына жақын жерде 3 елді мекен орналасқан: Жібек жолы кенті, Үшбұлақ станциясы және Ботамойнақ ауылы. Халықтың жалпы саны шамамен 1 мыңнан асады. Қазіргі уақытта 710 тұрғын Тараз қаласына эвакуацияланды.