Қорғаныс министрлігінің өкілі сарбаздардың қазасы туралы айтты

“Жауапкершілік біздің мойнымызда. Әрбір қаза тек туған-туыстары мен жақындарының ғана емес, бүкіл Қарулы Күштердің қайғысы мен шығыны. Сонымен қатар, төменгі буыннан министрлік басшылығына дейін жауапкершілік жүктеледі. Әрбір іс жеке және арнайы тәртіпте қаралады. Офицерлермен және келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің өлім себебі түрлі болуы мүмкін: ауруға байланысты, жазатайым оқиғаларға байланысты, өйткені олар, қоғамның барлық азаматы сияқты, жұмысқа келеді және кешкі уақытта қызметтен үйіне кетеді. Қарапайым азаматтар сияқты күнделікті мәселелермен айналысады. Бірақ жауапкершілік бірінші кезекте біздің мойнымызда”, – деп түсіндірді қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті басшысының міндетін атқарушы Серік Бурамбаев.