Алматы облысының әкімдігі бұрынғы казино ғимаратына көшті

«Әкімдік Қонаев қаласындағы әкімшілік ғимаратты жалға алады. Бұл ғимаратта бұрын Royal Plaza ойын мекемесі болған. Оның жабылғанына біраз болған және меншік иесі ғимаратты кеңсеге арналған әкімшілік ғимаратқа ауыстырды”, – деді баспасөз қызметінің өкілдері.