Оралда 28 жастағы келіншек жаңа туған сәбиін сатып жіберді.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті ақпаратты растады. Ведомство мәліметінше, жаңа босанған келіншек Бөрлі ауданында тұратын ерлі-зайыпты тұрғындармен келісіп, сәбиін беріп жіберген. Тәртіп сақшылары келіншекті қолға түсірді. Қазір Қылмыстық кодекстің кәмелетке толмағандарды сату бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.