Оралда ауыл әкімі карантинде ұлына той жасаған

Оралда ауыл әкімі карантинде ұлына той жасаған. Үйлену тойы өткен демалыс күні мейрамханада өткен. “Мой ГОРОД” редакциясына куәгерлер тойдың видеосын жіберген. Куәгерлердің айтуынша, Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің ұлы үйленген. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ердос Үмітов той туралы бүгін, 26 қазан күні ғана білгенін айтты. Қазіргі уақытта ауыл әкімі Татжан Өтемісов еңбек демалысында екен. Әкімдіктегілер бұл жағдай заңды түрде қарастырылады деді.