Қ.Сатыбалдыұлы ісі: асыл тастар елге қайтарылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлы ісіне қатысты тергеу туралы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ведомство мәліметінше, тергеу әлі де жалғасып жатыр. “Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алыс шетелдерде фигуранттарға тиесілі, құны 230 миллион АҚШ долларынан асатын, мемлекет кірісіне айналдырылған эксклюзив асыл тастар мен зергерлік бұйымдар елге қайтарылды”, – делінген Антикор хабарламасында. Сонымен қатар, Қайрат Сатыбалдыұлының шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион АҚШ долларын салу дерегі анықталды. Көрсетілген сома жақын арада Қазақстан бюджетіне түседі.