Украинадағы Қазақстан Елшілігінің жұмысы тиісті деңгейде қамтамасыз етіледі

Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтты.«Ол елде сапармен жүрген азаматтардың сақтық танытуына қатысты тиісті үндеу жасалған болатын. Біздің Елшіліктің жұмысы тиісті деңгейде қамтамасыз етіліп, ел азаматтарының мүддесін қорғауға қатысты іс-шаралар атқарылады. Мұнымен қоса, дипломаттардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып отыр», – деді Роман Василенко. Оның айтуынша, Киевтегі Қазақстан Елшілігіне зақым келтірілмеген.