Қостанай облысындағы Әулиекөлде бірнеше жаңа үйді су басты

Бұл туралы “Алау” басылымы хабарлайды. Еске салайық, Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге жаңа баспана кілті осыдан 10 күн бұрын ғана тапсырылған еді. Қазір бірнеше үйдің септигі жартысынан асып, толып кеткен. Аудан әкімдігі бұл мәселе бақылауға алынып, шешіліп жатқанын хабарлады.