Қостанайдағы психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері сотталды

Сот бас дәрігер Владимир Михайленкоға үкім шығарды. Сотталушы мен оның әріптестері сараптама қорытындысын бұрмалады деп айыпталған. Жүргізушіні заңсыз әкімшілік жауапкершіліктен босату үшін орталықтың наркологтарына сараптама қорытындысын өзгертуді тапсырған. Бұл іс сотқа дейінгі жеделдетілген өндірісте қаралды. Істі қарау барысында сотталушылар айыпты мойындау туралы прокурормен процессуалдық келісім жасасқан. Сот белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына және 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Наркологтар мен лаборанттар да бас бостандығынан айырылды. Іс бойынша шығын өндірілмеген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы әріптестеріне қатысты сот процесі туралы ақпарат құралдарынан білгендерін хабарлады. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.