Журналистерге жасалған шабуылдарды үйлестіруші 2 айға қамауға алынды

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Ол шетел азаматы, білікті хакер болып шықты. “Жалпы, бұл топ В. Борейко, Г. Бажкенова, Г. Ерғалиева, С. Ибраеваға және басқа да БАҚ өкілдеріне қарсы 30-дан аса арандатушылық шабуыл жасаған. Бұл – көліктерді өртеу, журналистерге, олардың туыстарына және редакцияға қоқан-лоққы және шабуыл жасау, пәтер тонау. Қылмыстық топтың мақсаты Қазақстан Президентінің және оның жүргізіп жатқан демократиялық реформаларының беделін түсіру үшін БАҚ өкілдері қудаланып жатқандай етіп көрсету болды”, – деді ІІМ өкілі. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды.