Париж-2024 спорттық додасы биыл 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді

Франция жеріндегі бәсекеге әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 20 түрінен қатысуды жоспарлап отыр. Қазір ел қоржынында Париж Олимпиадасының 11 спорт түрінен 31 лицензиясы бар. Париж-2024 олимпиадасында 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Олимпиада ойындарына дейін әлі 50-ден аса лицензиялық жарыс бар.