Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабиге кандидаттарды іріктеу үшін жабық сот отырысы өтеді

Ол наурыздың 27-сі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында болады. Жоғарғы Сот осылай деп хабарлады. Отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі, 2 қосалқы) алқабилер алқасы қалыптастырылады.