Парламент Елбасы туралы заңға өзгерістер енгізді

Парламент Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуінің күшін жоятын конституциялық заңдарға түзетулерді қабылдады. Бұл туралы Tengrinews.kz. хабарлайды. Мәжіліс депутаттары Сенат енгізген мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігінің күшін жоюға қатысты түзетулерді қолдады. Бұл норма “Тұңғыш Президент – Елбасы туралы” Конституциялық заңда жазылған. Бұл ретте Елбасы маңызды мәселелерді талқылау кезінде парламент пен үкімет алдында сөз сөйлеу құқығын сақтайды.