Павлодар облысында қызын алты жыл бойы зорлаған әкеге үкім шығарылды

Павлодар облысында қызын алты жыл бойы зорлаған әкеге үкім шығарылды. Сотталушы жәбірленушінің әкесі бола тұра 6 жыл бойы баланың дәрменсіз жағдайын пайдаланып, күш қолдану арқылы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деп айыпталған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. “Жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, венерологиялық ауру жұқтырған. Сот шешімімен айыпталушыға 25 жыл мерзімге өтеу, химиялық кастрация түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалады”, – деп жазылған хабарламада. Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен және жүргізілген сараптамалармен дәлелденді.